Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АУДАН ӘКІМІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАТАҢ СЫНҒА АЛДЫ!

АУДАН ӘКІМІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАТАҢ СЫНҒА АЛДЫ!

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Азизхан Исмаилов жаңа оқу жылындағы дайындық жұмыстары бойынша арнайы жиын өткізді. Атаулы жиынға аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов, білім бөлімінің қызметкерлері және мектеп директорлары қатысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 14 человек
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Серік Алтынбекұлы аудан көлеміндегі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы, мектептердегі ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы, білім ошақтарының түйіткілді мәселелері, мектептердің тазалығы жайлы баяндады. Баяндамадада 8 мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарының мерзімі аяқталса да әлі күнге тиісті жұмыстардың аяқталмағаны, 3 мектепте әлі күнге ағымдағы жөндеу жұмыстары басталмағандығы айтылды.
Аудан әкімі білім бөлімін және жұмысына немқұрайлы қарап жүрген мектеп директорларын қатаң сынға алып, баяндамада айтылған кемшіліктерді жою бойынша 10 күн мерзім беріліп, аталған мәселелерді мәжілісте қайта қарайтындығын ескертті.
Возможно, это изображение 7 человек
Сонымен қатар, мектептердегі мұғалімдердің 250 және 270 нысанды салық деклорациясын тапсыру барысы талқыланып, барша директорларға салық деклорациясын тамыз айының соңына дейін аяқтау қажет екендігін алға тартты.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*