Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АУДАНЫМЫЗДЫҢ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТА ІІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

АУДАНЫМЫЗДЫҢ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТА ІІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

⚽️ Сайрам ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «12 тамыз — Халықаралық жастар күніне» орай “Спорт біздің сенімді серігіміз” атты жастар арасында кіші футболдан облыстық сайыс өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнирдің мақсаты: жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл жастарының достық қарым — қатынасын нығайту. Спорттық командалық ойындарға жастардың қызығушылығын арттыру.
Турнирге жалпы аудан, қала бойынша 12 команда қатысты.Жарысқа қатысқан командалар 3 топқа бөлініп, жасыл алаңда өз шеберліктерін байқатты. Топтық кезеңде үздік нәтижеге қол жеткізген командалар турнирдің жартылай финал және финалдық кезеңдерінде өзара мықтыны анықтады.
Жастар арасында спорттың футбол түрінен өткізілген облыстық турнирдің қатысушыларына Түркістан облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы сәттілік тілеп, алдағы уақытта өтетін спорттық шараларға да осылай белсенді қатысуға, әрдайым спортпен шұғылданып, барша өңір жастарын 12 тамыз — Халықаралық жастар күні мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар турнирге қатысқан және жеңімпаз атанған командаларды арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Туринр жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар, кубок, медальдар табысталды.
Жарыстың қорытындысы бойынша
І-орын Төлеби ауданы “Еңбекші” командасы
ІІ-орын Түлкібас ауданы
ІІІ-орын Жетісай ауданы
“Үздік қақпашы” — Құланұлы Асылхан (Төлеби ауданы)
“Үздік ойыншы” — Дантай Ерік (Келес ауданы)
Турнирге қатысқан барша командаларға алғыс білдіреміз!
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*