Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТУРИСТЕРГЕ САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МАҢЫЗДЫ

ТУРИСТЕРГЕ САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МАҢЫЗДЫ

Көне тарих пен бүгінгімізді жадымызға сақтап отыратын сан-салалы жәдігерлердің иесі музейлердің өзіндік тарихы мен тағдыры бар, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нет описания фото.
Осы тұрғындан алғанда Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің өңіріміз үшін орны бөлек. Қорық-музей ашылған жылдары қорында 2000 жәдігер болса, қазіргі таңда олардың саны 24000-нан асқан.
Aудан әкімі Кайрат Жолдыбайұлы аудан орталығындағы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде болып, тархи жәдігерлерді сақтау, қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Музей қызметкерлерімен кездесіп, ауданға келетін туристерге сапалы қызмет көрсету мәселесін талқылады.
Қорық-музейі ғимаратының іргетасы 1979 жылғы 9 қазанда қаланып, 1982 жылы толық пайдалануға берілген. Міне, содан бастап мәдени-ағарту және Қазақстанда алғаш рет археологиялық тарихи ескерткіштерді қорғау мекемесі ретінде жұмыс істеп келеді.
Музей директоры Айдос Жандосовтың айтуынша Музейдегі әр жәдігер халқымыздың өмірі мен тұрмыс-салтынан құнды деректер береді. 2024 жылғы I жартыжылдықта Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның тарихи-мәдени нысандарына 137 319 турист келген.
Возможно, это художественное изображение (2 человека)
Кездесу барысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы киелі ауданға еліміздің барлық өңірлері мен шет мемлекеттерден келетін туристерге қолайлы жағдай жасай отырып, аймақтағы туризм кластерін дамытудың маңыздылығын атап өтті.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*