Аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне қарасты Жаңаталап елді мекеніндегі №77 және Ақ үй елді мекеніндегі №69 орта мектептері ғимараттарының жылу қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстарымен танысып қайтты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан аумағында білім мекемелері орналасқан елді мекендерде, қатты отын арқылы жылытылатын мектептердің жылу қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда мектеп ғимараттарына табиғи газға арналған жылыту қазандықтары орнатылып, құбырлар жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары 70 пайызға орындалған.
Аудан басшысы мектеп ғимараттарындағы жөндеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін пайдалануға беруді тапсырды.
© Jetpisbai.kz