Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ МУЗЕЙІНДЕ АБАЙ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ МУЗЕЙІНДЕ АБАЙ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10 тамыз – Абай күніне орай Сұлтанбек Қожанов атындағы Созақ аудандық музейінде «Абайды таны, таңырқа!» тақырыбымен көрнекті абайтанушы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты , «Хәкім Абай» ғылыми зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбетовпен кездесу өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 8 человек и текст
Басқасуға зиялы қауым өкілдері, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары, ұстаздар қауымы және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Райымқұлов қатысып, аудан әкімінің сый-сияпатын жеткізді.
Жиынды музей басшысы Ниязалы Дүйсенбек ашып, Абай күнінің маңыздылығы мен өзектілігіне , кештің құрметті қонағының өмір жолына тоқталды. Абайтанудың білікті зертеушісі Жабал Алшынбекұлы Абай әлемінің қыр-сырын жіктеп, көптеген қызықты мағлұматтармен бөлісті.
Возможно, это изображение 3 человека, помост, отдел новостей и текст
Шара барысында «Жас туристер станциясының» әдеби үйірмелерінің шәкірттері Абай жырларынан шашу шашып, ән шырқады. Сондай-ақ «Абай әлемі» атты суретті көрме жасалып, қатысушылар назарына ұсынылды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*