Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Қаратау ауданының полиция басқармасы №54 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары Сайрам шағынауданының тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 15 человек и кларнет
Жергілікті белсенділер, қариялар, домкомдар қатысқан жиында полицейлер құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.
Сондай-ақ, жиын барысында қылмыстар мен заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралардың тиімділігі талқыланды.
Сонымен қатар, интернет-алаяқтық, есірткіге байланысты қылмыстардың профилактикасы бойынша қабылданып жатқан жұмыстар да атап өтілді.
Кездесу соңында полиция қызметкерлері азаматтарды қандай да бір орын алған қылмыстың куәсі болған жағдайда тез арада учаскелік полиция инспекторларына немесе «102» нөміріне хабарлап, кез келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділікпен» қарауға шақырды.
Возможно, это изображение 9 человек и кларнет
Жиналған тұрғындар өзекті мәселелерін жеткізіп, толыққанды жауаптар алды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*