ПОЛИЦИЯ ТҰРҒЫННЫҢ АУЛАСЫНАН СОРА ЕСІРТКІСІН ТӘРКІЛЕДІ
в Түркістан, Қоғам, Әлеумет
130 Просмотров

Төлеби ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірді деп күдіктелген жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі
Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тінту кезінде полицейлер күдіктінің ауласынан құрамында есірткі заты бар «қарасора» өсімдігіне ұқсас түптер сондай-ақ есірткіні қолдануға арналған құрылғыны тапты.

Қазіргі таңда осы факті бойынша қылмыстық іс қозғап, істің мән-жайы анықталуда.
2024-08-12