Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы жұмыс сапармен Қазығұрт ауданына келді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыс сапары барысында Қызылқия ауыл округіне қарасты Атажұрт елді мекеніндегі 150 орындық «Атажұрт» мектебінің құрылысымен танысып, 2024 жылғы оқу жылына толықтай пайдалануға берілуге дайындығын көріп шықты.
Содан соң, Қазығұрт елді мекеніндегі Қ.Тұрсынқұлов, Жіңішке елді мекеніндегі Д.Қонаев, Талдыбұлақ елді мекеніндегі «Талдыбұлақ» мектеп ғимараттарының ағымдағы ішкі және сыртқы әрлеу, сыртқы қасбетін қаптау жұмыстарымен танысты.
Сонымен қатар, Сарапхана ауыл округі М.Өтемісұлы елді мекенінде орналасқан фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы жұмысын бақылады. Нысан 2024 жылдың қазан айында қолданысқа беру қарастырылған.
Бейсенбай Дәулетұлы құрылыс нысандарын аралау барысында мердігер мекемелердің басшыларымен кездесіп, кемшілік тұстарына тоқталып, мектеп және фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысының сапасына назар аударуды және аталған нысандардағы құрылыстардың әрі уақытылы берілуін қадағалап, бірқатар тапсырмалар берді.
© Jetpisbai.kz