Соның бірі Серғазиев Бақтияр «Серғазы» шаруа қожалығының төрағасы Жаскешу елді мекенінің маңындағы 12 гектар жерге(багара) күзгі бидай егіп, бүгінгі таңда әр гектарынан 30 центнерге жуық өнім алуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетерлік, ағымдағы жылы Түлкібас ауданында 24 гектарға масақты дәнді-дақылдар егілген. Оның ішінде, 15,4 мың гектарға бидай, 8,6 мың гектарына арпа. Қазіргі таңда бұл дақылдардың 12,5 мың гектары орылып, осы уақытқа 29,8 мың тонна өнім жиналған. Бидайдың өнімділігі орта есеппен гектарына 25-30 центнерді, арпаның өнімділігі гектарына 22 центнерді құрауда.
© Jetpisbai.kz