Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » «ҮЛГІЛІ ҮЙ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ҚАРЖЫЛАЙ СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

«ҮЛГІЛІ ҮЙ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ҚАРЖЫЛАЙ СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Арыс қаласының тұрғындары үшін биылғы Қала күні мерекесі ерекше мағыналы болды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Тұрғындар арасында экомәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» шарасы аясында «Үлгілі үй», «Үлгілі аула», «Үлгілі көше», «Үлгілі ауыл» және «Үлгілі кіреберіс» номинациялары бойынша үздіктер анықталып, марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқау қаланың көркін арттырып, тұрғындар арасында көріктендіру және тазалыққа деген жауапкершілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған болатын.
Жеңімпаздарды марапаттау салтанатында қала әкімі Гүлжан Құрманбекова үздік деп танылған үй иелері мен көше белсенділеріне қаржылай сыйлықтар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Әкім өз сөзінде қаланың күннен-күнге көркейіп келе жатқанын, бұл процеске әрбір тұрғынның үлесі бар екенін ерекше атап өтті.
«Біз қаламызды көркейту үшін осындай шараларды жыл сайын өткізіп тұруды жоспарлап отырмыз. Бұл тұрғындардың өз үйлеріне, аулаларына, көшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, тазалық пен тәртіпті сақтауға ынталандырады. Бүгінгі марапатталушылар біздің қаланың бетке ұстарлары, олардың үлгісі басқа тұрғындарға да әсер етеді деп сенемін», – деді қала әкімі.
Возможно, это изображение 5 человек и текст
Марапаттау рәсімінде жеңімпаздар өз жетістіктерін бөлісіп, болашақта да қаланы көркейтуге өз үлестерін қосуға уәде берді. Үйдің ішкі және сыртқы көрнекіліктерін жаңартып, ауласын, көшесін тазалап, көркейтіп, көгалдандыру жұмыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастырған азаматтардың тазалыққа жанашырлығы – көпке үлгі екендігі сөзсіз.
Осындай тұрғындардың ортақ күш-жігерінің арқасында қаламыз әлі талай табыстарға жететініне сенім мол.
Айта кетейік, «Үлгілі үй» байқауы жылдағы дәстүрге сай келесі жылы да өткізу жоспарланған.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*