Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту және полицияға деген сенімді арттыру мақсатында тәртіп сақшылары Түркістан облысының аумағында профилактикалық іс-шараларды үнемі жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәселен Кентау қалалық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығының мамандарымен бірлесіп, профилактикалық есепте тұрған және оларға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылған тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын атқарды.
Полицейлер азаматтарға «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңын, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өзгерістер мен қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіріп, ақпараттық жаднамалар таратты.
Сондай-ақ қорғау нұсқамасы бұзылған жағдайда құқық бұзушы жауапқа тартылатынын ескертті.
Полицейлер мұндай жағдайға тап болған азаматтар тәуліктің кез келген уақытында Сенім телефондары арқылы көмек сұрай алатынын атап өтті.
© Jetpisbai.kz