Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға қолдау көрсету жөнінде тапсырма берген болатын, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл бағыттағы жұмыстар өңірімізде жүйелі түрде іске асып келеді. Мәселен Отырар ауданында мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы техникаларының 53 пайыздан астамы жаңартылған.
Aудан әкімі Кайрат Жолдыбайұлы аудандағы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстарын көріп, шаруалармен кездесті. Ақтөбе ауыл округіндегі «Мұрат» шаруақожалығында болған аудан басшысы ондағы ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңарту жобасымен танысты.
Шаруақожалық иесі жоба аясында 284 млн.теңгеге Lovol GK120C комбайны мен Кировец K-7M K-743, Lovol TD1304, Lovol TD1054, Беларус 82,1 тракторларын сатып алып, қосымша 10 адамды жұмыспен қамтыған. Кәсіпкер заманауи техникалардың көмегімен шаруашылығын одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.
Аудан әкімі аудан экономикасын дамытуға сеп болатын осындай жобаларды қолдауға дайын екенін айтып, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кету керек, жалпы аудан бойынша 979 ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. 2023 жылы 87 ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылған болса, 2024 жылы бұл көрсеткішті 97-ге жеткізу жоспарланып отыр.
© Jetpisbai.kz