Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ЖҰМЫС САПАЛЫ ӘРІ МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛУЫ ҚАЖЕТ

ЖҰМЫС САПАЛЫ ӘРІ МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛУЫ ҚАЖЕТ

Биыл ауданда бірқатар білім беру мекемелерінің ғимараты жаңартылып, жөндеуден өтіп жатыр, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 4 человека
Aудан басшысы Азат Оралбаев Амангелді ауылына жұмыс сапарымен барып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатқан «Ғ.Мұратбаев» атындағы жалпы білім беретін мектепті аралады. Жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердің құрылысына жауапты мердігерлермен тілдесіп, құрылыс жұмыстары қауіпсіз, сапалы жүргізілуін, оған қажетті шаралардың қабылдануын тапсырып, білім күніне қарсы мерзімінде берілу қажет екенін тапсырды.
Нет описания фото.
Айта кетейік, 2009 жылы пайдалануға берілген білім ұясы 300 орындық. Бүгінгі күнде мектеп қабырғаларын қайта сылау, терезелер орнату, сыртқы қасбеттер, шатыр төсемелерін жабу және отырған едендерін жаңарту жұмыстары қарқын алған.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*