Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков І және ІІ мөлтек ауданды аралап, тазалығын тексерді. Сонымен қатар, көпқабатты үйлер бойынша өзекті мәселелерді саралап, бөлім басшыларының ұсыныстарын тыңдады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда тозығы жеткен ауыз су құбырлары ауыстырылуда. Аулаларды абаттандыру ісі жүзеге асты. Жауапты бөлім басшысына ойын алаңшалары мен футбол алаңшаларында анықталған кемшіліктерді тез арада жоюды, мердігер мекемеге заң аясында шара көруді тапсырды.
Сондай-ақ, мөлтек аудан аумағындағы бос жерлерді көгалдандыру, ағаш отырғызу, қажет деп табылған орындарға қоршаулар қою жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
— Тазалық маңызды. Қоқыс контейнерлеріне айына бір рет тұрақты түрде тексеріс өткізу қажет. Тозығы жеткендерінің мерзімінде жаңартылып отыруы қадағалансын. Сектор басшысы мен мамандары тұрғындардың қатысуымен аулаларда сенбілік өткізуді ұйымдастырсын. Өзі тазалыққа атсалысқан адам өзгелердің қоқыс тастауына жол бермейді, — деді шаһар басшысы өз сөзінде.
© Jetpisbai.kz