Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ FIRST РОБОТОТЕХНИКА ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ FIRST РОБОТОТЕХНИКА ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

2024 жылдың 09-11 тамыз күндері Алматы қаласында өткен республикалық «Almaty Tech Cup X» робототехника және инновациялық технологиялар бойынша X дүбірлі ашық чемпионатында Қазығұрт ауданы Qazygurt және Rob командалары робот тапсырмалары мен инновациялық жобалар бойынша сынға түсті! – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 4 человека, скейтборд и текст
Чемпионатқа Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты білім мекемелерінен 4 мұғалім, 12 оқушы қатысып, командалық есепте І орын иеленді.
Qazygurt Команда мүшелері
1. Камал Асылжан (Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі)
2. Сайлау Нұрасыл (Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназия)
3. Нұралы Даянхан (Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназия)4. Нұрғалиевна Сая (А.С.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп)
Жетекшілері: Омирбаев Максат , Устенов Нұрсұлтан
Rob Команда мүшелері
1. Хамзе Абдулла (К.Қарсыбаев атындағы жекеменшік мектебі)
2. Абдрашитов Азизбек (Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназия)
3. Давронбек Гулмира (Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі)
4. Әбдуәлі Ақниет (Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі)5. Айту Жайна (А.С.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп)
6. Асқар Айнара (Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі)
Жетекшілері: Оразхан Бексұлтан, Тастанов Ербол
Almaty Tech Cup X FIRST жарысында біздің жеткен жетістіктер:
1. Champions award finalist (Qazygurt)
2. Innovation Awards finalist (Rob)
3. Robot performance award finalist (Qazygurt)
Чемпионаттың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушыларын біріктіру,сондай-ақ жастардың робототехникасы мен инженерлік дағдыларын дамытуға ықпал ету болып табылады.
Чемпионат келесі бағыттар бойынша өткізілді.
— FIRST LEGO League Explore (6-10жас)
— FIRST LEGO League Explore (10-16 жас)
— WSO (12-18 жас)
— Drone Racing: Multi GP( жас шектеу жоқ)
— Minecraft Education(6-16 жас)
— Хакатон ( 12-18 жас)
Возможно, это изображение текст
Бүгінгі күнге дейін де робо жарыстарында аттары аталып жүрген оқушылар бабында. Алдағы уақытта да талай додаларда жарқырап, алдыңғы орындардан көрінетініне сенеміз.
Чемпион атанған оқушылар Қырғызстан елінде өтетін чемпионатына жолдама алды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*