Ауданда тұрғындардың тарапынан көптеген ұсыныс пікірлері мен ұсыныстарының бірі егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету болатын. Ағын су каналдары тазаланбағандықтан, жаз айларында сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындап, ауданда ағын су жетіспеушілігі туындайды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл ретте, егістік жерлерге толық ағын су жеткізіп беру және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудандық бюджет есебінен облыстық «Тұран-су» МКК арқылы 3 экскаватор сатып алынып, «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» МКК-і Қабланбек ауылдық округіндегі ұзындығы 0,8 шақырым құрайтын «Хожахан» каналын механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған каналдың басында арнайы болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Жауапты тұлғаларға жұмыстар сапалы болу қажет екендігін ескертіп, суғару маусымында егістік жерлерге қажетті суды толық жеткізіп беруді міндеттеді. Нақты тапсырмалар берді.
© Jetpisbai.kz