Аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті VI- пленумы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пленумға аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев және бөлім басшылары қатысты. Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов баяндама жасап, аудандық ардагерлер кеңесінің 6 айда атқарылған жұмыстары сараланды. Сондай-ақ 30 бастауыш, 6 цехтық ардагерлер ұйымдарында өткен есеп беру — сайлау жиналыстарының қорытындысы туралы хабарлады.
6 айда аудан ардагерлерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты және көктемдегі су тасқынынан зардап шеккен батыс облыстарға аудан ардагерлерін қолдау білдіру мақсатында көрсеткен көмектерін атап көрсетті.
Аудан ардагерлері атқарылған жұмыстарға оң бағаларын берді.
Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев сөз сөйледі. Аудан ардагерлерінің елдің бірлігі жолында атқарып жатқан жұмыстарына алғыстарын жеткізді. Пленум соңында бастауыш ардагерлер ұйымының төрағаларына, аудандық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасарына , «Әкелер мектебінің» төрағасына қызметтік куәліктер тапсырылды.
© Jetpisbai.kz