Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗЕДІ

Акция 16 және 17 тамыз күндері Достық шағынауданындағы және «Арғымақ» автокөлік базары маңында орналасқан Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының алдында өтеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таңғы сағат 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін түрлі мәселелер бойынша жауапты басқарма инспекторлары азаматтарды қабылдайды.
Тұрғындар қызықтырған сұрақтарына жауап пен заңгерлік кеңес алу үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жүгіне алады.
Айта кетейік, бұл шара қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге, халықпен тиімді кері байланыс орнатуға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*