Асылжан Сержанұлы Ергешов 2007 жылдан бері ІІО-да қызмет атқарады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда Сайрам аудандық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторының бастығы лауазымында абыройлы қызмет етіп келеді.
Кейіпкеріміздің әрбір күні аумаққа қарау жүргізуден басталады. Ары қарай кезекшіліктегі қызметкерлердің жұмысын тексеріп, тәртіпті түсіндіріп, қызметтік міндеттерін атқару мәселесі бойынша нұсқаулық өткізеді.
Сонымен қатар қамауда отырған адамдардың күн тәртібіне сәйкес ас қабылдау, таңғы жаттығу, серуендеу алаңына шығару жұмыстарын атқарады
Полицей болу асқан жауапкершілікті, шыдамдылықты, іскерлікті қажет етсе, оның ішінде уақытша ұстау изоляторының жұмысы ауыр әрі қауіпті. Десе де бүгінгі кейіпкерімізбен жеке құрамы халыққа қалтқысыз қызмет етуге қашанда дайын.
© Jetpisbai.kz