Облыс орталығында баскетболдан дәстүрлі өтетін жазушы Саттар Ерубаевты еске алуға арналған ХХХІХ Халықаралық турнирі “Біз нашақорлыққа қарсымыз” ұранымен биыл да ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарысқа 15 пен 16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар командасы қатысуда.
Турнирде Бішкек (Қырғызстан Республикасы), Наманган (Өзбекстан Республикасы), Кентау, Түркістан қалалары мен Отырар, Жаңақорған және Сайрам аудандарынан жиналған жалпы 12 команда бақ сынауда.
Жарыстың ашылуына қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен мәслихат депутаты Ғалымжан Хұдияров қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан жарыстың жеңімпаздары 17-тамыз анықталады.
© Jetpisbai.kz