Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Азизхан Исмаилов аппарат жиынын өткізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Аталған жиынның күн тәртібінде 3 мәселе көтерілді:
1. Ауданның әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерінің 2024 жылғы 7 айдың қорытындысымен нақты орындалуы және 8 айдың болжамды орындалуы туралы (меморандум);
2. «Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы» бойынша 7 айдың қорытындысымен нақты орындалуы және 8 айдың болжамды орындалуы туралы;
3. «Отбасының цифрлық картасында Д және Е санаттағы отбасылардың санын төмендету» және «Халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту туралы»;
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері баяндама жасады. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өз ұсыныстары мен нақты тапсырмаларын берді.
© Jetpisbai.kz