Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ЭЛЕКТР ҚУАТЫ УАҚЫТША СӨНДІРІЛЕДІ

ЭЛЕКТР ҚУАТЫ УАҚЫТША СӨНДІРІЛЕДІ

2024 жылдың 15 тамызынан бастап Шардара су қоймасының төменгі ағысынан су тастау 300 м3көлемінде белгіленді және одан әрі қарай төмендетуі жоспарлануда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оған қоса, Өзбекістан Республикасының 220 кВ-тық электр желілері арқылы тасымалданатын электр энергия да тоқтатылған.
Өз кезегінде Келес, Сарыағаш, Жетісай, Мақтарал, Шардара, Қазығұрт аудандары тұрғындарына электр энергия беру бойынша 20-30 МВт-қа дейінгі көлемде шектеулер қойылады.
Бұл ретте, Сарыағаш ауданында бір қатар аумақтарда 20:00-22:00 аралығында электр қуаты уақытша сөндіріледі, олар:
— Сарыағаш қаласында Төле би алаңы, Мөлтек ш/а көп қабатты үйлер, Казыбек би, Диханбаев, Үкібаев, Келес, Перне Елібай, Б.Ермеков, Абдыхалыков, Жүсіпов, Аралбеков, Абай, көшелері, С.Ысмайлов, Токманбетов, Сманов, 40лет Каз., Намазбаев, Омаров, Жолдасов, Тагаев, А. Сулейменов, Ж. Сулейменов, Есенберлие Б.Оспанов, Байбосын ата, Шылғаубаев, Токаев, Ыскаков, Ергешұлы, Нысанұлы, Рахимов, Саудашев, Кокебаев, Мусабекұлы, Мекембаев, Өскенұлы, Шапағат көшелері
— Еңкес, Жанарык, Акниет, Тоңкеріс, Курама, Сіргелі ауылдарында.
Құрметті аудан тұрғындары, уақытша келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*