Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ АРТУДА

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ АРТУДА

Aудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс жұмыстарының барысын бақылауына алды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, ең алдымен құрылыс сапасына қатысты талаптарды қатаң сақтап, әрбір жобаға мұқият болуды ескертті.
Возможно, это изображение 1 человек и склад лесоматериалов
Айта кетейік, қазіргі уақытта нысанның ішкі жұмыстарымен қатар, сыртқы фасадын травертинмен қаптау жұмыстары жүруде. Құрылысқа 150-ге тарта адам жұмылдырылып, жұмыс қарқыны өндірістік кестеге сай өрбуде. Жаңа мектептің техникалық жарақтандыру үлесі 4 есеге ұлғайтылып, робототехника кабинеттері, зертханалар, хореография залдары қарастырылмақ. Оқу кабинеттері интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталады. Жайлылық пен тиімділікті қаматамасыз етіп, мектепішілік кеңістік ыңғайлы болу мақсатында бастауыш сыныптар, орта, жоғары буын оқушылары үшін жеке блок жасалады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*