
Шымкент қаласының әкімі
Ғабит Сыздықбеков пен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев «Shymkent Hub» өңірлік технопаркінің ашылуына қатысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа орталықтың негізгі мақсаты-технологиялық кәсіпкерлікті өркендету, стартап-мәдениетті қалыптастыру, IT-саланы және цифрлық білім беруді дамыту.