Ауданның құрылғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Ауылым алтын бесігім” өнер фестивалі Қарақұм ауылында жалғасын тапты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара қарақұмдық ардагерлердің ауданда жүзеге асырылып жатқан нысандармен танысуынан басталып, қасиетті жұмада Қажымұқан Мұңайтпасовтың кесенесіне барып, құран бағыштады.
Фестиваль ауылшаруашылық көрмесімен бастау алып, қолөнер шеберлерінің көрмесі мен нан өнімдері, қазақтың салт-дәстүрі кеңінен дәріптелді. Спорт шеберлерінің жетістіктері мен марапаттары да паш етіліп, спорттық жарыстар өткізілді.
Аудан әкімі Азат Оралбаев қарақұмдықдарға жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарға алғыс жариялап, сый-құрмет көрсетті. Өз кезегінде ауылдан шыққан өнерпаздар тарихи көріністерін көрерменге ұсынып, күміс көмей әншілер әннен шашу шашты.
© Jetpisbai.kz