Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУҒА ШАҚЫРДЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУҒА ШАҚЫРДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұжымымен кездесті.
Шараның басты мақсаты — аталған саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізу, ұжым арасында парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Онлайн режимдегі жиынға Департамент басшысы А.Жұмағали, оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы С.Пакеев және қызметкерлері қатысты.
Онлайн жиында А.Жұмағали медицина саласы қай уақытта болса да маңызды екендігін, әсіресе пандемия жағдайында медициналық қызметтер көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында реттеуші орган ретінде аталған мекеменің маңыздылығына тоқталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық бастамаларды түсіндіру барысында Департамент басшысы жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жеке жауапкершілік нормаларын біле тұрып, алдын алу шараларын қолданбаған басшыларға қатысты жазаның қатаңдығын ескертті.
Сондай-ақ, кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру аясында басты назар ақпараттық-түсіндірме жұмыстарына, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын жетілдіруге бағытталғандығы қатысушылардың назарына жеткізілді.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтарды кеңінен баяндап, жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша қабылданған шаралардан хабардар етті.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы С.Пакеев ұжымда жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар бойынша мәлімет берді.
Жиынды қорытындылаған Асхат Жұмағали жемқорлықпен күресте белсенділік танытуға, Әділ қоғамда өмір сүріп, адал еңбек етуге шақырды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*