Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » «ПРОБАЦИЯ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«ПРОБАЦИЯ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ағымдағы жылдың 15-22 тамыз аралығында Еңбекші ауданы көлемінде ішкі істер органдарының есебінде тұратын, оның ішінде өтелмеген және алынбаған соттылығы бар тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Пробация» алдын алу іс-шарасы барысында:
— бұрын сотты болған азаматтарды тексеру;
— әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау және сотпен белгіленген міндеттерді орындамаған, шектеулерді бұзу дәйектері орын алған азаматтарды әкімшілік қадағалау жұмыстары жүргізіліп, белгіленген тұлғалардың өмір салты мен мінез-құлқын бақылау жұмыстары қамтамасыз етілуде.
Отбасы-тұрмыстық, рецидивтік, алкогольдік және қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған профилактикалық шара әрі қарай өз жалғасын табуда.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*