Aудан әкімдігінің бастамасымен «Самұрық» аллеясында республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәрмеңкеге Шымкент қалалық «Автонұр» сауда кәсіпорнының 80 жуық кәсіпкерлері тартылып, балалардың мектепке қажетті киім-кешектері мен оқу құралдары жеңілдетілген бағада нарыққа ұсынылды.
Аудан әкімі Азат Оралбаев 1 тамыздан бастау алған игі іс-шараның маңыздылығына тоқталып, кәсіпкерлерге өз алғысын жеткізді.
Айта кетейік, аталған акция аясында Ордабасы ауданы бойынша әлеуметтік аз қамтамасыз етілген және толық емес отбасыдан шыққан 3 223 бала, құны 43 407 теңгені құрайтын әлеуметтік қолдауға ие болды.
© Jetpisbai.kz