Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТІК УНИВЕРСИТЕТТЕ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

ШЫМКЕНТТІК УНИВЕРСИТЕТТЕ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

2021 жылдың 30 наурыз күні «Аntikor ortalyǵy» алаңында Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясының оқытушы-профессорлық құрамымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында онлайн жиын өтті.
«Саналы ұрпақ» жобасы аясында өткен шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали, басшының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, Университет ректоры М.Рысбеков, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері Е.Сәлім, Н.Ахметов және Университет қызметкерлері қатысты.
Кездесуде Департамент басшысы Асхат Жұмағали бүгінгі жиынның басты мақсаты – жемқорлық әрекеттерінің алдын алу екендігін түсіндіріп, жастарды тәрбиелеудегі білім беру орындарының рөліне тоқталды.
Шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін құру процесінде ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын енгізу, академиялық адалдық жайы да талқыланды.
Басшының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді қалыптастыру бойынша қабылданған жүйелі шаралар жайында айтты. Шараға қатысушыларды пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатын ескертіп, заңбұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.
Шарада жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда Агенттіктің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығы қатысушыларға таныстырылды.
Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Ербол Сәлім білім беру саласында академиялық адалдықты сақтай отырып, мәдениеттілікті қалыптастыру арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізудегі ұстаздардың рөлі мен мүмкіндіктеріне тоқталды.
Академия ректоры Мырзабек Рысбеков өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік, адалдық, әділдік, парасаттылық және отансүйгіштік сияқты құндылықтарды қалыптастыру мақсатында қолға алынған «Парасаттылық мектептері», «Саналы ұрпақ» клубтарының жұмысымен таныстырды. Сондай-ақ, Академия ұжымы арасындағы жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарған жұмыстар бойынша ақпарат берді.
Шараны қорытындылаған Департамент басшысы Асхат Жұмағали ұрпаққа өнеге болатын, адам жанының арашасы, денсаулығына тікелей ықпал ететін еліміздің болашақ дәрігерлерін тәрбиелеп, білім беріп отырған мекемеде жемқорлықтың болмау қажеттігін атап өтіп, бұл бағытта бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*