Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Ленгір қаласының орталық алаңында мектеп жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төлеби аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйытқы болуымен өткен шараның мақсаты – ата-аналарға балаларын мектепке дайындауда көмек көрсету.
Жаңа оқу жылының қарсаңында ұйымдастырылған акцияға жергілікті және Шымкент қаласының кәсіпкерлері қатысып, өз тауарларын төмендетілген бағада ұсынды. Жәрмеңкеде мектеп формасы, аяқ киім, кеңсе тауарлары мен оқу құралдары жергілікті тұрғындар назарына ұсынылды.
© Jetpisbai.kz