Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АУДАН ӘКІМІ ОРМАН ЖӘНЕ ДАЛА ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

АУДАН ӘКІМІ ОРМАН ЖӘНЕ ДАЛА ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

Төтенше жағдайдың алдын алу қай кезде де күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәселең, биыл жыл басынан бері аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне орман және дала өрттеріне қатысты 147 хабарлама түсіп, 42 рет арнайы жасақ шыққан. Нәтижесінде, өрт дер кезінде ауыздықталған.
Возможно, это изображение 1 человек
Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен жиында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Қоқыров мәлімдеді.
Сонымен қатар, бөлім басшысы шомылу маусымы кезіндегі атқарылған жұмыстарды да қамтып өтті.
Бұдан бөлек, лездемелік жиында орталық базар аумағындағы ретсіз сауда нүктелерін ретке келтіру, ауыл-аймақтың санитарлық тазалық мәселесі қаралды.
Ағымдағы жылдың 8 айында орталық базар аумағына арнайы құрылған комиссия тарапынан 20-дан астам рейттік шаралар ұйымдастырылып, нәтижесіне 30 рет кәсіпкерлерге ескерту жасалып, 15 саудагерге айыппұл салынған. Дегенмен, бұл ескертулер өз тиісті нәтижесін бермей отыр.
Баяндамашыларды толық тыңдап болған соң, Нұржан Жақсылықұлы орталық базар аумағындағы ретсіз сауданы түбегейлі жою және сол аумақтың тазалығын реттеу мақсатында жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеп, нысан иелерімен қосымша жианалыс өткізетіндігін тілге тиек етті.
Ауыл-аймақтың тазалығы күн тәртібінен еш қашан түспейтіндігін айтып, аппарат инспекторларының елді мекендерді аралау барысындағы анықталған кемшіліктерді жоюға апта соңына дейін ауыл әкімдеріне мерзім белгіледі.
Возможно, это изображение 10 человек
Орман және дала өртінің алдын алу және шомылу маусымы кезінде қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырып, өрт шыққан жағдайда жауаптыларға тәулігіне 24 сағат тілсіз жауды ауыздықтауға дайын тұру керектігін ескертті.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*