Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Aудан басшысы Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Құркелес ауылдық округіне арнайы барып, Ақниет елді мекеніндегі ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының мән-жайын бақылады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Айта кетсек, жоба бойынша жалпы 20 шақырым құбыр жүргізу қажет болса бүгінгі таңда мердігер мекеме «Exclusive Project company» ЖШС-гі тарапынан елді мекенде 12 шақырым ауыз су құбырлары жүргізілді. Құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарға сәйкес ағымдағы жылы аяқталғаннан кейін елді мекендегі 1600-ден аса тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Возможно, это изображение 8 человек
Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан аудан басшысы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына және мердігер мекеме өкіліне жүргізіліп жатқан су құбырларының жобаға сәйкес сапалы жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*