Қаскөй кішкентай құрбандарын көппәтерлі үйлердің ауласынан тапқан, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қыз балаларды «шашыңды әдемі етіп өріп беремін» деп көндірген ол, құлақтарындағы алтын сырғаларды шешіп алып, бірден жасырып жүрген.
Қыз балаларды «шашыңды әдемі етіп өріп беремін» деп көндірген ол, құлақтарындағы алтын сырғаларды шешіп алып, бірден жасырып жүрген.
Үш күн ішінде ол қаланың 4 кішкентай тұрғынынан алаяқтық жолмен қымбат зергерлік бұйымдарды алдап алып, 300 мың теңгеге жуық шығын келтірген.
Аталған қылмыстар туралы хабарлама алған Әл-Фараби АПБ-ның жедел уәкілдері дереу күдіктіні іздеуге кірісті. Полицейлер куәгерлерден болған оқиғалар туралы сұрастырып, қылмыс орнына жақын орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 20 жасар азаматша қала аумағында ұсталды. Ол ұрлаған бұйымдарды ломбардқа өткізгені анықталды.
Тәртіп сақшылары тұрғындарды мұндай қылмыстарды болдырмау үшін мұқият болуға және кішкентай ұл-қыздарын қараусыз қалдырмауға шақырады.
© Jetpisbai.kz