Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ПОЛИЦИЯ БІР ТӘУЛІКТЕ 500-ГЕ ТАРТА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАП, 32 КӨЛІКТІ АЙЫПТҰРАҚҚА ҚОЙДЫ

ПОЛИЦИЯ БІР ТӘУЛІКТЕ 500-ГЕ ТАРТА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАП, 32 КӨЛІКТІ АЙЫПТҰРАҚҚА ҚОЙДЫ

⚜️Облыстың бас полицейі Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен 20-22 тамыз күндері аралығында Сайрам ауданында профилактикалық іс-шара өткізілуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оған Түркістан облысы Полиция департаментінің тиісті құрылым басшылары мен басқа аудандардан жеке құрам жұмылдырылып, ауқымды жұмыс атқарылды.
Возможно, это изображение 6 человек и текст
Қоғамдық қауіпсіздікке басымдық берілген іс-шараның алғашқы тәулігінде полиция басқармасына 52 тұлға жеткзілді. Профилактикалық есепте тұратын 64 тұлға мекенжайлары бойынша тексерілді. Жалпы тәртіп сақшыларымен 496 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде қоғамдық сала бойынша 46, жол саласы бойынша 450 дерекке хаттама толтырылды.
Мәселен ұсақ бұзақылық бабымен 22 дерек, қоғамдық орында мас халде жүру бойынша 8 дерек, белгіленбеген орында сауда жасаумен 3 дерек анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік шара көрілді.
▫️Ал ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу бойынша 4 жайт, егістіктер мен маяларды жою бойынша 1 жайт, абаттандыру қағидаларын бұзуға байланысты 3 жайтқа жауапкершілік қаралды. Тіркеусіз жүрген 2 азамат анықталды. Түнгі уақытта қараусыз жүрген 3 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 32 тұрғынға шара көрілді. Арнайы айыптұраққа 32 автокөлік қойылды.
Возможно, это изображение 4 человека, мотоцикл, автомобиль, скорая помощь, скутер и текст
❕Іс-шара барысында жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қарама-қарсы қозғалысқа шыққан жүргізушілер дрон арқылы анықталды. Басқа да арнайы бейнебақылау камералары бар соңғы үлгідегі қызметтік көліктер пайдаланылды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*