Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

⚜️ «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласының мәдени күндері басталды. Мерекелік шараға Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека
⚜️ Этно-ауыл аумағында Түркістан қаласының өнерпаздары ұмыт болып бара жатқан көне ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сахналап, кимешекті әжелер тобы «Ауылдың алты ауызын» шырқады.
⚜️ «Яссы» халықтық этно-фольклорлық және би ансамблінің концерті көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, «Түркістан мұрасы» тақырыбымен қылқалам, қолөнер шеберлерінің бұйымдары, суретшілердің туындылары мен қаланың жетістіктері туралы көрмелер келушілердің назарына ұсынылды.
⚜️ Әжелер ұлттық қолөнер — сырмақ сыру, түскиіз басу, ұршық иіру, тоқыма тоқу мен құрақ құраудан шеберлік сырларымен бөліссе, этно-мәдени ұлттық орталықтар, оның ішінде (өзбек, түрік) этностары да көрме қойып, шарада белсенділік танытты.
⚜️ Айтыскер ақындар сөз маржанын теріп, рухани шаһардың сәні мен салтанатын жырға қосты.
Возможно, это изображение 4 человека и скрипка
⚜️ Ұмыт болып бара жатқан «Танабау тағу», «Бала бауырынан табақ жүргізу», «Керегеге орамал байлау», «Келінге кимешек-шылауыш кигізу», «Тоқымқағар» салт-рәсімдері сахналанып, мәні түсіндірілді.
⚜️ Мәдениет күні ертең де жалғасын табады. 22 тамыз күні «Түркістан халық театры» дайындаған көше театрының стилінде «Саф алтын арыстар» тақырыбында көрініс-қойылымы ұсынылады және ұлттық спортты ұлықтау мақсатында бірнеше спорт түрінен сайыстар ұйымдастырылады.
Возможно, это изображение 8 человек
⚜️ Ал кешкі сағат 19:00-де қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының және эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*