Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев күрделі жөндеуден өтіп жатқан білім ошақтарын аралап, жай-күйімен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа оқу жылдың басталуына небәрі он күн қалды. Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы білім ошағы ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатқан Екпінді елді мекеніндегі Т.Назарбеков атындағы және Кеңесарықтағы Б.Биболатұлы атындағы жалпы орта мектебі ғимаратының күрделі жөндеуден өткізу барысын қадағалады.
Аудан әкімі мердігер мекеме өкілі, білім бөлімінің мамандарымен бірге ғимараттағы құрылыс жұмысының қарқынына назар аударды. Б.Биболатұлы жалпы мектебі 500 оқушыға арналған. Бұл білім ұясын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжат дайындалып, сараптаманың оң қорытындысы алынған. 2024 жылға 400 млн. теңге қаржы қаралды. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.
Төлеген Тұртайұлы ғимараттардың құрылысына жауапты мердігерлерге нысандар талапқа сай болуы және кестеден кешікпеу қажеттігін ескертіп, жобадан ауытқымай жасалуы қажеттігін айтты. Б.Биболатұлы жалпы мектебін күрделі жөндеуден мердігер — «Vek-Stroy-Com» ЖШС өткізуде.
© Jetpisbai.kz