Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АУДАН БАСШЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ БАУ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН БАСШЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ БАУ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Aудан әкімі Кайрат Жолдыбайұлы аудандағы қарқынды бау ісін қолға алып, өз кәсібін өрге сүйреп отырған серіктестіктің шаруашылығымен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аралау барысында Қоғам ауыл округі аумағында орналасқан «Отырар-Құрал» ЖШС-нің басшысы Наятулла Бөрібаев қарқын бау шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстары туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Возможно, это изображение яблоко и груша
Айта кету керек, жобаның инвестициялық құны бүгінгі таңда 150 млн. теңгені құрайды. Серіктестіктің меншігінде 50 гектар жер болса, бүгінде оның 25 гектарына Түрік елінен әкелінген алма, өрік ағаштарының көшеттері отырғызылған. Қазіргі таңда, бауда алманың Ред делишес, Голден делишес, Гала, Гренни смит сорттары бар.
Шаруашылық иесі дәнді дақылдардан бөлек сүйекті дақылдарды өсіруді де қолға ала бастаған. Соның ішінде персиковая рассада, нектарный сабинг, слива, абрикосовое дерево, питомник рестений секілді дақылдарды егіп, өнімін өз елімізден бөлек өзге елдерге де экспорттауды жоспарлап отыр.
Возможно, это изображение 2 человека, люди играют в теннис, люди играют в гольф, яблоко и текст
Қожалық жұмысына оң бағасын берген аудан басшысы Қайрат Жолдыбайұлы қарқынды бау көлемін арттыру ісін одан әрі жандандыру керектігін, қажет болса мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді алуға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*