Aудан әкімі Нұржан Ізтілеуов орталық базардың иелерімен кездесіп, ретсіз сауда нүктелерін жою және ол жердегі санитарлық-тазалық жұмыстар бойынша жиын өткізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынға аудандық полиция, округ әкімдігі және басқа да құзырлы органдардың өкілдері қатысып, ретсіз сауданы ретке келтіру, қызыл сызыққа шығып кеткен нысандарды жою және санитарлық-тазалыққа қатысты атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндамалар жасалды.
Басқосуды қорытындылаған аудан әкімі, орталық базар аумағындағы орын алған кемшіліктерді толық ретке келтіру бойынша арнайы жұмысшы топ құрып, күнделікті рейттік шаралар ұйымдастыруды жауаптыларға тапсырды.
Белгіленбеген орында сауда жасап отырған саудагерлерге Заң талаптарын түсіндіре отырып, Береке және Оспан базарынан орын белгілеп, сол жаққа көшу бойынша тиісті жұмыстарды жандандыру керектігін ескертті.
Ортақ тәртіпке бас имеген азаматтарға айыппұл салынатындығын қатаң ескерту керектігін атап өтті.
© Jetpisbai.kz