Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҰРҒЫНДАР «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕНУДЕ

ТҰРҒЫНДАР «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕНУДЕ

Монтайтас ауылдық клубында «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша тұрғындарды оқыту басталды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өтіп жатқан бес күндік оқу жиындарында азаматтардың жеке және отбасылық бюджетті құрастыра білуінің артықшылықтарын меңгеріп шығады, азаматтардың тауарлық несиеге үміт артпай қажетті тауарлар мен қызметтерді алуына мүмкіндігін саралауды үйренеді, тұрғындарды несие мен қарыздың тұзағына түсірмеу жолдарын талдауға дағдыланады.
Возможно, это изображение 14 человек и текст
Азаматтардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау негіздері, кіріс пен шығысты есептеу, шығындарды оңтайланлыру тәсілдері жөнінде оқу жиынына қатысушыларға «Қарызсыз қоғам» жобасының лекторлары қызықты дәрістерін өткізеді. Оқудың толық курсынан өткен ауы тұрғындарына сертификаттар табысталатын болады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*