Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » БИЫЛ ЖУАНТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ІШКІ КӨШЕЛЕРІ 100 ПАЙЫЗ САПАЛЫ ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

БИЫЛ ЖУАНТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ІШКІ КӨШЕЛЕРІ 100 ПАЙЫЗ САПАЛЫ ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Жуантөбе ауылында жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын Қазыбек би, Қ. Омарұлы мен Ә. Жақсыбайұлы көшелеріне асфальт жабындысын төсеу жұыстары жүруде. Осылайша ауылдың негізгі көшелеріндегі топырақ және тас жол мәселесі оң шешімін тауып, ішкі автомобиль жолдары 100 пайыз асфальтпен қамтылады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 7 человек и текст
Осы ретте, Жуантөбе ауылына арнайы барған аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы алдымен салынып жатқан жолдың сапасымен танысты. Ауыл тұрғындарымен ашық әңгімелесіп, жолдың сапасын бірлесе қадағалау керектігін айтты. Бұл бойынша мердігер мекеменің басшыларымен тілдесіп, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұған қоса ауыл тазалығын ретке келтіру мақсатында салынған қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонның жұмыс барысымен танысты.
Возможно, это изображение 4 человека, дорога и улица
Айта кетейік, осы жылы тұрғындар сұранысына орай Қожақ Омарұлы көшесіне көше жарықшамдары орнатылып, ауылдың ішкі көшелеріндегі жарықтандыру жұмыстары да 100 пайызды құрауда. Қазіргі таңда ауыл көлемінде 9,4 шақырымды құрайтын негізгі ішкі автомобиль жолдары бар.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*