Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » САЙРАМДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

САЙРАМДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Айналаның тазалығына атсалысу – туған жерге деген сүйіспеншілік болып саналады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы орайда, қоршаған ортаны қорғау, оның экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сайрам ауданында санитарлық тазалық жұмыстары атқарылды. Ауқымды іс-шара «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде және Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған.
Возможно, это изображение 2 человека, цветок и улица
Тазалық жұмыстарына аудан әкімдігінің, ауылдық округ әкімдіктерінің, дербес бөлімдердің, «Көрікті Сайрам» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен ерікті жастар, жалпы 750-ге жуық адам атсалысты. Әрқайсысы өздеріне тиесілі аумақтарға тазалық жұмыстарын жүргізді.
Аталған сенбілік жұмыстары аясында республикалық, облыстық маңызы бар автожол жиектері, ішкі көшелердің бойы, саябақтар мен мәдени-тарихи орындар, сауда орындары мен базарлар, арық-атыздар, өзен маңдары бейберекет тасталған күл-қоқыстардан, шөп-шаламдардан тазартылды. Мекеме мен кесене аулаларындағы гүл көшеттерінің түптері қопсытылып, суғарылды. Сондай-ақ, кейбір кеңселердің қасбеттері, қираған қоршаулары сырланып, қалпына келтірілді. Бұдан бөлек, тұрғын үй аулаларының алдындағы қураған ағаш бұтақтары қырқылды.
Айта кетейік, көшелерді күтіп-таза ұстау және қоршаған ортаны қорғауғп бағытталған сенбілік жұмыстары барысында 23 техниканың көмегімен 14,6 тонна қоқыс арнайы аумаққа тасымалданды.
Возможно, это изображение 3 человека
Егерде әрбір тұрғын тазалықты алдымен өз ауласынан бастаса, бұл өңіріміздің өзге тұрғындарын тазалыққа үндеуге қосқан үлесі саналады. Сондықтан сайрамдықтар барша аудан тұрғындарын айналамызды таза ұстауға шақырады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*