Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АРЫСТА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

АРЫСТА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Маңызды мемлекеттік мереке қарсаңында арыстықтар қолдарына кетпен пен күрек ұстап қала көшелеріне сенбілікке шықты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 6 человек, улица и дерево
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес қала 17 секторға бөлінген болатын. Әр секторға әкімдік бөлімдері мен аппараты сондай-ақ мемлекеттік мекемелер жауапты болып бекітілген.
Бүгінгі сенбілікте әр сектор өздеріне тиесілі аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды шығарып, арамшөптерді отады.
Сенбілікте мемлекеттік қызметкерлерден бөлек мекеме, кәсіпорын, ұжымдардан белсенді азаматтар шығып, абаттандыруға атсалысты. Мұндай тазалық жұмыстары барлық ауылдық округтерде де атқарылды. Сала мамандарынан құрылған жұмысшы топ қала тұрғындарына үйлерінің маңайындағы жерлерді таза ұстау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізді.
Шабылған арамшөптерді жою және қаланы таза ұстау мақсатында «Khazakh Real Stroy» мекемесі арнайы техника көмегімен оларды жинап, тасымалдауды қолға алды. Мұндай шаралар қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз.
Возможно, это изображение 6 человек, трава и дерево
Сенбілікке қатысып, туған қаламыздың көркеюіне атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.
Алдағы уақытта осындай жалпықалалық сенбілікке тұрғындар бүгінгіден де белсене атсалысады деп сенеміз.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*