Созақ ауданы бойынша барлық ауылдар мен елді мекендерде «Таза Қазақстан» Республикалық шарасы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шолаққорған ауылының аумағында бөлінген 5 сектордың, яғни ондағы 144 көшеге жауапты етіп бекітілген әр мекеме тазалық пен көгалдандыруға қатысты шараға тұрақты атсалысуда. Саябақтар мен ішкі көшелерді ретке келтірді. «Шымкент-Созақ» бағытына шығатын үлкен жолдар мен айналма жолдың бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Ауыл сыртындағы сай-сала мен су өткізгіш құбырлар да қоса қамтылып, ауылдардың аумағы абаттандырылды. 21 арнайы техника тартылып, 36 шақырым көше бойлары мен 19 шақырым аяқ жолдары ретке келтірілді. Өзен-көлдер мен арықтардың 11 шақырымы тазаланып, полигонға 81 тонна қоқыс тасымалданды.
Сенбілікке 2500-ге жуық мекеме қызметкерлерімен қоса ардагерлер ұйымы және қоғамдық ұйым мүшелері, белсенді жастар мен елді мекен тұрғындары да жұмыла кірісіп, тазалық жұмыстарын үрдіске айналдыруда.
© Jetpisbai.kz