Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТӘЖІКСТАН ЕЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТӘЖІКСТАН ЕЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
– Бұл сапар өзара құрметке, сенімге және жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген қазақ-тәжік қатынастарының дәйекті түрде нығаюына тың серпін береді. Тәжікстан – сенімді досымыз әрі уақыт тезінен өткен одақтасымыз. Екі елді ортақ тарих, мәдениет және рухани құндылықтар байланыстырады. Біз барлық деңгейде тығыз әрі өзара сенімге құрылған саяси диалог орнаттық. Бірлескен күш-жігер арқылы нағыз достық пен тілеулестік рухында ортақ келешектің негізін қалап келеміз, – деді Қазақстан Президенті тәжік еліне сапарында.
Возможно, это изображение 8 человек и люди танцуют
Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері аясында екі елдің мәдениетаралық байланыстарын кеңейтуді көздеп, түркістандық «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің «Jana Lep» ұжымы Худжанд қаласында өнер көрсетті.
Камоли Худжанди атындағы тәжік музыкалық драма театрында өткен концертті Сагдие облысының губернаторы Зайнура Азиме және «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің директоры Асқар Кенехан ашып беріп, екі ел ынтымағы үшін аталған іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
Возможно, это изображение 3 человека, помост и текст
Концерт барысында «Jana Lep» ұжымының орындауында халық әндері «Пай-Пай», «Балапан қаз», «Алқоңыр», сондай-ақ Тәжік халық әні «Сорбон» композициясы шырқалды. Сонымен қатар «Samgau» би ансамблінің мың бұралған биі мен «Alqonyr» фольклорлық ансамблінің орындауындағы күмбірлеген күй де тәжік халқынының қызығушылығын тудырды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*