Түркістандық спортшылар 13-19 тамыз күндері Қытайдың Уси қаласында таеквондодан жасөспірімдер арасында (WT) өткен GRAND SLAM 2024 халықаралық турнирінен жүлдемен оралды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық сайыста жерлестеріміз Нәлібай Жаншуақ 2-орын (45-61 келі салмақта), Акрамова Шахризод 3-орынға (33-45 келі салмақта) ие болды. Жаттықтырушылары — Тұраров Абзал мен Тұрлыбек Жандарбек.
— Спортқа келгенде таеквондоны өзім таңдадым. 10 жасымнан бері осы спорт түрімен шұғылданып келемін. Өзіме қатты ұнайды. Болашақта олимпиада чемпионы болғым келеді. Сол үшін де аянбай тер төгуге дайынмын, — деді түркістандық жас спортшы Жаншуақ Нәлібай. Сондай-ақ, ол спорттағы әр жетістігіне қолдау білдіретін ата-анасы мен жаттықтырушысына алғысын айтты.
20-дан аса мемлекет қатысқан турнирде Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орынды иеленіп, 7 алтын, 3 күміс, 6 қола медальды қанжығаға байлады. Аталған халықаралық спорт сайысына елімізден 34 спортшы қатысқан болатын.
© Jetpisbai.kz