Құрметті аудан тұрғындары!
Соңғы уақыттарда қараусыз жүрген үй жануарларының салдарынан түрлі жол апаттары орын алып, көптеген адамдар зардап шегуде,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл мәселеге байланысты аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік шараларын өткізіп, мал иелеріне тиісті бөлім мамандары арқылы ескерту хабарламалары айтылғанымен, иесіз жүрген мал саны азаяр емес.
Одан бөлек бақылаусыз жайылып жүрген мал ауылдардың абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына да зиян келтіріп, қаншама адамның еңбегін зая кетіреді. Сонымен қатар иесіз жүрген үй жануарлары ұрылар үшін де оңай олжа.
Сондықтан мал жаю ережелерін бұзған азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында әкімшілік жауапкершілік көзделгенін және мал жаю кезінде жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оның иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін ескертеміз.
Жоғарыда аталған мәселеге байланысты көшелерде, алаңдарда, скверлерде, темір жол мен автокөлік жолдарына тиесілі аймақтарда және басқа да қоғамдық орындарда жануарларды жаюға және қараусыз бос жіберуге жол берілмейді.
Құрметті аудан тұрғындары!
Адам өміріне, аудан тазалығына немқұрайлы қарамайық! Жауапкершілік барын естен шығармайық! Отырар ауданы — бәріміздің ортақ мекеніміз!
© Jetpisbai.kz