Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ҚОС ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

ҚОС ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Конституциясына 29 жыл толуына орай Қазығұрт ауданында бірнеше құрылыс нысандары аяқталып, халық игілігіне табысталды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Соның ішінде екі елді мекенге табиғи газ тартылып, ауыл халқы үлкен қуанышқа бөленді. Атап айтқанда, Шанақ ауыл округінен Шанақ станциясы елді мекені мен Сарапхана ауыл округіне қарасты Бақабұлақ елді мекені тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді.
Возможно, это изображение кухонная вытяжка
Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған бұл құрылыс нысанының лентасын қиып, халық игілігіне табыстау үшін аудан әкімі Азизхан Исмаилов атаулы елді мекендерге арнайы барды. Ауыл халқымен кездесіп мерейлі мерекемен және көгілдір отынға қол жеткізулерімен құттықтап, қуаныштарын бөлісті.
Айта кетейік, Шанақ станциясы елді мекенінде 234 тұрғын үйде жалпы саны 1491 адам бар болса, Бақабұлақ елді мекенінде 29 тұрғын үйде жалпы саны 168 адам тұрады.
Возможно, это изображение 3 человека
Ауданда табиғи газ жоқ елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар қарқынды жалғасуда.
© Jetpisbai.kz 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*