Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың 8 сәуірінен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 4 человека, яблоко и трава
Аталған тазалық шарасына аудан тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әр мекеме өзіне жүктелген аумақты таңғы сағат 07:00-ден бастап тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Аудан тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Бүгін қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтау мақсатында аудан әкімі орынбасарының бастамасымен аудандық деңгейде сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау,шөптерді ору жұмыстары жүргізілді.
Возможно, это изображение 3 человека
Жалпы аудандық сенбіліктің негізгі мақсаты — аумақты қоқыстан тазарту және халықты тазалыққа, бірлікке, жауапкершілікке шақыру. Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі. Барлық аудан тұрғындарын тазалыққа шақырамыз!
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*