Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкентке жыл басынан бері 111 733 турист келген

Шымкентке жыл басынан бері 111 733 турист келген

2023 жылдың қорытындысымен жалпы Шымкент қаласында келген туристер саны 449 098-ге жетті (ішкі туристер саны 420 398, шетелдік туристер саны 28 700 адам) болып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2024 жылдың І жартыжылдығында Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар саласында атқарылған жұмыстары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясында Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Әділханов Бексұлтан Ержанұлы баяндады. Статистика департаментінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 3 айында қалаға 111 733 турист келген.

Оның ішіндегі үздік үштікке: Өзбекстан – 9 844 адам, Ресей Федерациясы – 3 659 адам және Қытай Халық Республикасынан 2 633 адам келген. 2024 жылы орналастыру орындарының саны 148 жетсе, бөлме қорының саны 6 409 бірлікке артып отыр. Қала аумағында 20 туристік оператор мен 120-дан аса туристік агенттіктер тұрақты жұмыс жасауда екенін айтты басқарма басшысы. Қазіргі таңда, тікелей әуе бағытында 12 ішкі рейс (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Жезқазған, Өскемен, Орал, Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Семей) және 5 халықаралық рейс (Мәскеу, Ыстанбұл, Дубай, Анталия, Кутаиси) қатынауда. Әуе хабарламаларының санын көбейту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Айта кету керек, Шымкент қаласында туристерді ең көп қызықтыратын нысандар «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелері, «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағы, «Shymqala» тарихи-мәдени кешені, Бәйдібек би ескерткіші, Зообақ, Сейітжан Қари мешіті, Қошқар ата өзені. Бұдан бөлек, Қазақстандағы алғашқы Дендрологиялық саябақтың да туристер үшін алар орны ерекше. Сонымен қатар, қала аумағында республикалық маңызы бар 7 тарихи-мәдени нысандар орналасқан (Ибрагим ата, Қарашаш ана, Әбдел Әзіз баба, Қожа салық, Мірәлі баба, Қызыр мұнарасы, Сайрам қалашығы). Аталған нысандардың ішінде Хызыр, Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін жылдың соңына дейін, жеке инвесторлардың есебінен абаттандыру жоспарланған.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*