Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ

ШЫМКЕНТ: ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ

Шымкент қаласында қазіргі таңда табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмаған.
2023 жылдың қорытындысы бойынша халықты көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 94% пайыздан 96% пайызға дейін өсті, 6 нысан бойынша жұмыстар аяқталды (Тұран, Асар-2, Солтүстік Саяжай, Сәуле, Бозарық, Нұртас).
2024 жылға 4 нысан өтпелі (Қайнарбұлақ 1 (70%) және 2 (60%) кезең, Ынтымақ-2 (40%), Бозарық 1 (55%), 2 (95%) және 3 (50%) кезең, Тассай (85%).
2024 жылы 3 нысанның (Қаратөбе (95%), Тәуелсіздікке 20 жыл (15%), Қайтпас-1 (15%) құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі танда 15% жұмыстар атқарылды. Және де 3 нысан (Қарабастау, Жулдыз-Жалын, Еламан) бойынша конкурс нәтижесі анықталды, мердігер мекеме тағайындалып, шілде айында құрылыс жұмыстары басталады.
Жоғарыдағыларды баяндай келе, 2024 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 97,4% пайызға жеткізу жоспарлануда.
Бүгінде 81 шағын ауданның 25-і (713,5 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 56 шағын аудан қамтылмаған.
2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 8,6 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор), 7 ішкі орамдық жүйенің (Мирас- Шапағат-2, Тассай, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық 74 га) құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Жыл қорытындысымен 4 нысанның (Тассай, Қайтпас-2, 112 орам, Бозарық 74 га) құрылыс жұмыстары аяқталып, көпқабаттағы тұрғын үйлермен қоса 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды.
Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өсті.
Сонымен қатар, 2024 жылы 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор) және 6 ішкі орамдық жүйенің (Мирас-Шапағат-2, Нұртас, Тұран, Айқап, Қайтпас-1, Солтүстік-Батыс) құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 12,8 млрд.теңге жоспарланған.
Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 522 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде, 2021 жылы ГЧП аясында 107 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 47 %-ға өсті.
2022 жылы ГЧП аясында 105 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 47 %-ден 69 %-ға өсті.
2023 жылы 90 көше жарықтандырылып 69 %-дан 70%-ға өсті.
2024 жылы басқарма тарапынан Тұран шағынауданындағы магистралды 13 көшені жарықтандыру, аудан әкімдіктері тарапынан 5 аудан көлемінде 1000-ға жуық көшені жарықтандыру жоспарланған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*